«Даму» Қоры мен АТФ банкі Қазақстанның барлық қалаларында бизнес басшыларына арнап кездесулер өткізуде. Тоғызыншы Workshop Ақтөбе қаласында өтті. Бұған дейін Астана, Атырау, Тараз, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Қостанай және Ақтау қалаларында өткізілген болатын.
Отыздан аса кәсіпкерге АТФ Банкі мен «Даму» Қорының бағдарламалары кәсіпкерлікті дамыту үшін қаншалықты тиімді екендіктері түсіндірілді. Олардың қатарында АТФ Банкінің қызметін пайдаланушы кәсіпкерлер мен әріптестік орнатуды жоспарлап жүргендер де болды. Негізінен бұл кәсіпкерлер тамақ өндірісі, құрылыс, көлік және сауда, егін шаруашылығы, білім және денсаулық сақтау кәсіпорындары секілді салаларда қызмет етеді.
Қатысушылар АТФ Банкі арқылы қаржыландыру мүмкіндіктері («Бизнес стандарт», «Овердрафт», «Несие 3 күнде» банк кепілдемесі т.б) және кәсіпкерлікті қолдауда «Даму» Қоры жүзеге асыратын мемлекеттік бағдарламалары, оның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2020», «Даму Аймақтар III», «Ақтөбе ЖасСтарт-2», «Кең Дала-2» бағдарламалары жайында ақпарат алды.
Көбінесе кәсіпкерлерді жобаларды банктің қарау тәртібі, Қордың жетпеген кепілзат орнына кепілдіктер беру тәртібі, субсидия алу жолдары және жаңа бизнесті қолдаудағы мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері қызықтырды.