13 маусым күні Шымкент қаласындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Мүмкіндігі шектеулі әйелдердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» атты тренинг-семинар мәресіне жетті.
Жоба жекелей және кәсіби іске асу мақсатында кәсіпкерлік қызметті, өзін-өзі жұмыспен қамтуды және жұмысқа орналасуды жүзеге асыру арқылы қоғамда кәсіпкерлікті бастап жатқан немесе айналысып жүрген және алдағы уақытта өзінің дағдыларын, білімін және тәжірибесін алуға, дамытуға және пайдалануға ниетті Оңтүстік аймақта тұрып жатқан мүгедектігі бар әйелдерге арналған.
Жоба бірнеше кезеңді қамтиды:
Тренингті өткізу үшін арнайы «Шырақ» мүмкіндігі шектеулі әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінен бизнес-тренер Оксана Фокина шақырылды.
Оқу курсынан 12 әйел өтті. Семинар жұмысының барысында бастаушы кәсіпкерлер қақтығысатын маңызды мәселелер қарастырылды: бизнес-идея дегеніміз не, бастапқы қаржыны қайдан аламыз, салық салу режимін таңдау, қайта құрылған кәсіпорындар үшін салық есептемесі және бухгалтерлік есеп және т.б. сұрақтар.
Сонымен қатар, тыңдаушыларға «Даму» Қорының қаржылай және қаржылай емес бағдарламалар түсіндірілді, «Даму-Көмек» бағдарламасына ерекше назар аударылды.
Семинар нәтижесі бойынша семинардың кейбір қатысушылары «Даму-Көмек» жобасына қатысуға өтініші білдірді.