ЖШС «Қарқын-2030» - «НӘРЛЕН» маркасы арқылы сиыр етінен, жылқы және тауық етінен шұжық өнімдерін және жіңсіктерді өндіру бойынша зауыт. Кәсіпорынның қызметі 2009 жылдан басталды. Осы уақыт ішінде компания өзін жоғары сапалы, өте дәмді тауар өндіруші ретінде көрсете білді, себебі – тауалары нарықта сұранысқа ие. Қазақстанның көптеген өңірлерінің тұтынушылары «Нәрлен» тауарларын бағалады және тұрақты пайдаланады. «НӘРЛЕН» тауар өндірушінің негізгі тұтынушылары оңтүстік және батыс аймақтарынан – Шымкент, Алматы, Тараз, Атырау соңғы кездері Ресей қалалары – Кемерова, Барнаул тұрғындары да қызығушылық танытуда.
Компания жетістігінің құпиясы, шұжық өнімдерін өндіруге, сонымен қатар жалпы бизнесті жүргізуге инновациялық тәсілдерді қолдануында. Өндірістің барлық циклі халал өнімге сай келеді және «Қазақстанның Халал-Сала» Ассоциацияның куәлігіне ие. Компания шикізаттың сапасына аса көңіл бөледі және дайындау үшін жеке өсірілген етті пайдаланады. Компания өзі жеке ірі қара малын асырайды, жеке жайылымы бар, бұл өз кезегінде өндірісті балғын етпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның тауарлары «MULTIVAC SEPP HUGGENMULLER», «Laska Gesellschaft mbH», «Albert Handtmanm Maschinenfabrik GmbH & Со», және «MATIMEX» секілді әлемге танымал заманауи неміс және австриялық жабдықтарда дайындалады. Бұл жабдықтарды сатып алу жылына 6%-дық мемлекеттік несиесі арқасында мүмкін болды.
Өткен жылы компания «Қазақстанның халық банкі» АҚ Банк-серіктестігі, «Даму-Өндіріс» бағдарламасының қатысушысы аталды. Қарыз қаражаты инвестицияға және айналыс қаражатын толықтыруға бағытталды.
Сонымен қатар, барлық санитарлық нормаларға сай, «Халал» тәртібіне сай келетін малды салтпен сою арнайы қорабы бар, жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген зертханасы бар.
Күніне 4-6 тонна шұжық өнімдері шығарылады, болашақта тәулігіне 10 тоннаға дейін өнім, шұжықтың 80 түрін шығару жоспарланып отыр.
Кәсіпорында тұтынушылардың әр түрлі қалауына бағыттала отырып тауар шығаруды да маңызды. Зауытта 100 шақты адам еңбек етеді. Несие есебінен сатып алынған, бұл бағдарлама бойынша өз істеріне адал, жоғары санатты мамандар.