«Еңбек» бағдарламасы аясында наубайхана қолдау алды

Жаңалықтар
10.08.2018

«Нан – ас атасы». Жұрттың бәріне белгілі бұл тіркесті «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша қолдау алған кәсіпорынның басшысы Анаргүл Жұмажанқызы Калиева кішкентайынан біледі. Біліп қана қоймай, нан сапалы әрі дәмді ғана емес, сондай-ақ пайдалы болу керек деп сенеді. Наубайхана ашу идеясы жұбайы Цой Алексей Борисовичпен нан-тоқаш өнімдерін өндіретін шағын наубайхана мен кондитерлік цех ашқан 2016 жылы келген. Шығарылатын өнімнің түрін біртіндеп молайту мен өткізу нарығын кеңейту арқылы, жұмыскерлердің мол тәжірибесі, жұмысқа деген зор қабілеттері мен кәсіпқойлықтары кәсіпорынның дамуына әсер етті. Шағын наубайхана мен кондитерлік цех 30-ға жуық өнім түрін өндіреді. Кәсіпорынның жалпы аумағы 250 шаршы метр. Бұның ішінде кондитерлік цех пен шағын наубайхананың шикізат сақтау қоймалары кіреді. «АидАли» ЖК жұмыскерлер штаты 12 адамды құрайды, 9 адам өндірісте және 3 адам әкімшілік қызметте еңбек етеді. Өнім ассортиментінің артуына байланысты айналым қаражатын толтыру үшін қаражат қажеттілігі жөнінде мәселе туындады. «Еңбек» 2017-2021 жж. өнімді жұмыспен қамту және бірыңғай кәсіпкерлік бағдарламасы туралы Анаргүл Жұмажанқызы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан білді. Кәсіпкерді ең бірінші не бары 6% төмен мөлшерлеме қызықтырды. «Сбербанк России» АҚ Еншілес банкінде 10 млн. теңге несие расталды. Кәсіпкердің меншікті кепілі жетпегендіктен, көмекке қолдаудың тағы бір құралы – «Даму» Қорының кепілдігі келді. Енді Павлодар қаласының көптеген тұрғындары «АидАли» ЖК наубайханасының дәмді, әрі сапалы өнімінің дәмін тата алады.