Қазақстандық жастар инновацияларды қабылдауда белсенді, икемді. Бұл қасиеттер шағын бизнес ашып, дамытуда шешуші рөл атқарады. Осындай талантты топтың жарқын үлгілерінің бірі деп жас кәсіпкер Ескендіров Бақтияр Қанатұлын атауға болады.
Бақтияр Қанатұлы бизнеске студенттік жылдары қадам басып, бастапқыда жиһаз тазалаумен айналыса бастаған. Сұранысқа ие қызметтердің бірі құрғақ тазалау екенін түсінген ол 2021 жылы «All Clean» деген атаумен құрғақ тазалау және кір жуатын бөлме ашу туралы шешім қабылдады.
«All Clean» құрғақ тазалау цехында тапсырыстар сапасы бақылаудан өткен сертификатты химиялық заттарды ғана пайдалана отырып орындалады. Иұнда озық технологиялар, заманауи жабдықтар бар. Сондай-ақ бұйымдардағы дақты қолмен кетіру, автоматтандырылған сұрыптау және буып-түю аймақтары да жұмыс істейді.
Компания қала орталығында зат қабылдау пунктін ашты, сондай-ақ толық циклді экспресс-құрғақ тазалау қызметтерін көрсетеді. «All clean» киімді, кірді, сүлгілерді, перделерді, жастықтарды, жиһаздарды, кілемдерді және т.б. кәсіби түрде тазалайды.
2022 жылы Бақтияр өз бизнесін дамыту үшін маркетингтік қызметтерге қаражат қажет болғандықтан несие алуға банкке жүгінді. Жобаны «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржыландырылды. Ол бойынша банктің сыйақы мөлшерлемесі жылына 23% құрады. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында қарызын кәсіпкер 6%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды. Бұл несие кәсіпкер үшін кепілсіз болды, өйткені «Даму» Қоры кепілдік берді.
Жас кәсіпкер құрғақ тазалау бойынша қызметтер көлемін кеңейту, сондай-ақ түрлі тендерлерге қатысу және франшизаның көмегімен Қазақстанның өңірлері бойынша «All Clean» құрғақ тазалау желісін іске қосуды жоспарлап отыр.
Петропавл қаласы, Мағжан Жұмабаев көшесі, 91
Тел: +7 705 344 56 07
Инстаграм: @allclean_petro