menu
Жабу

Көкшетауда «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы бойынша оқу курсы аяқталды

Жаңалықтар
24.05.2017

Көкшетаудағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы шеңберінде үш күндік тренинг аяқталды. Тренингтің мақсаты - бизнес идеядан бастап, әлеуетті кәсіпкерге айналуға көмектесу. Семинарды тәжірибелі бизнес-тренер, Тимур Рахымжанов Ақмола облысының 25 әлеуетті және іс бастаушы кәсіпкерлерін оқытты.

Жалпы, оқу қарқынды да тартысты өтті. Бизнес негіздері бойынша барлық теориялық материалдарды қатысушылар тәжірибемен ұштастырып көрді. Талқылауға белсенді қатысып отырды. Іскерлік ойындар талқылау арқылы күрделі проблемалардың шешімін табуға, кәсіпкерлік ойлау жүйесін дамытуға мүмкіндік береді.