info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Павлодардағы Startup Академия жанында «Бірлік-Единство.kz» атты халықаралық жастар форумы өтті

Жаңалықтар
23.05.2017

19 мамырда «Даму» Қорының Павлодардағы Startup академиясында әлемнің бес елінен 200 делегат қатысқан «Бірлік-Единство.kz» атты халықаралық жастар форумы өтті. Форум жастармен бизнес-диалог түрінде өтті.

Форум барысында «Startup Жобалар» көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар ұсынылған жобалармен танысып, өнімдерді сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Шара аясында Қазақстан жастары арасында үздік стартапты анықтау үшін «Startup Battle» байқауы өтті. Финалға «Startup Академия» жобасы шеңберінде оқыған студенттер шықты. Қазылар алқасы болашағы зор идеяларды таңдады. Атап айтқанда: «Келін» мобильдік қосымшасы, алюминийді қайта өңдеу, «ҚазАгро» электрондық коммерция алаңы және тағы басқа да жобалар болды.

Сондай-ақ, Павлодар қаласында өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында Мәскеу мен Израиль бизнес-инкубатор директорлары Руслан Мамедов пен Елена Донец келді.