menu
Жабу

Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» акциясы басталды Автокеруен мүшелері жүрге

Жаңалықтар
18.05.2017

Автокеруен мүшелері жүрген жерінде халықпен кездесіп, жұмысқа орналастыру, «Дипломмен – ауылға», «Серпін», «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Барлық санаттағы тұрғындарға насихат жұмысын жүргізетін Ақпараттық автокеруенді Жамбыл облысы әкімдігі облыстық прокуратурамен бірлесе ұйымдастырған.

Шараға облыстық басқармалар, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік департаментінің, кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының, «Нұр Отан» облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатынан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ АФ, «Атамекен» АКП және аймақтық ЖОО-ның өкілдері қатысуда.

Мамандар құқықтық сауатты арттыру, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, этносаралық келісім, діни сауаттылықты арттыру, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының шарттары мен тетіктері жайлы, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, тегін медициналық скринингтік тексерулер өткізу бойынша кеңес береді.

Бұл жұмыстар арасында шеберлік сабақтар өтіп, бейнероликтер, ашық есік күндері, жеке қабылдаулар мен кездесулер өткізілетін болады.

«Рухани жаңғыру» акциясы 15-26 мамыр аралығында облыстың барлық аудандары мен елді-мекендерде өтетін болады.