info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша семинар өтті

Жаңалықтар
17.05.2017

Астанада «Даму» Қоры филиалының қызметкерлері және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының (КҚКО) консультантары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша семинарға қатысты.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының өкілі Жакпаров К.З. осы тақырыптағы бейнероликтерді көрсетіп, сыбайлас жемқорлық алдын алу мен оның зияны жайлы түсініктеме берді. Сондай-ақ Қордың лауазымды тұлғалары мен балама қызметкерлердің жауапкершілігін күшейтуге қатысты шаралар өткізілді.

Семинар соңында «Даму» АҚ Астана қ. филиалының басшысы Исламбек Қайырбеков мағыналы және ақпаратқа толы бейнеролик пен дәріс үшін алғыс білдірді.