menu
Жабу

Қостанай облысында «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» жобасы бойынша оқытудың екінші кезеңі өтті

Жаңалықтар
11.05.2017

Оқуға Рудный қаласындағы Рудный индустриалды институтының жоғарғы курс студенттері қатысты.

Бұл жолғы бағдарлама жас кәсіпкерлерге бағытталған. Бизнес-жаттықтырушы Виталий Сиухов студенттердің кәсіпкерлік әлеуетін ашуға тырысты. Ал бизнесте тәжірибесі барларына бизнес жүргізудің экономикалық аспектілерін ұқтырып, кәсіпкерлік психологиясы, маркетинг, өсу стратегиялары, қызметкерлерді басқару және бизнес– жоспарлаумен таныстырды.

Оқудың соңғы күні аудитория үш топқа бөлініп, өз жобаларын таныстырды. Ол Фаст-фуд дайындау мейрамханасы, күн панельдерін жасау және «Барлығы бір жерде» автошеберханасы сияқты жобалар болатын. Үш күндік оқу зая кетпеді. Жобаларда бизнес жүргізу барысындағы барлық тәуекелдер қарастырылған.

«Жаңа бизнесті ашуды қолдау» жобасының қорытындысы бойынша 31 қатысушы сертификат алды.

Сондай-ақ шара барысында «Даму» Қорының өкілі ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы мағлұмат беріп, Қордың Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында тегін кеңес алу, ЖК немесе ЖШС ретінде тіркеу және қаржыландыру бойынша бизнес-жобаны сүйемелдеу мүмкіншілігі туралы айтты.