19–21 сәуір аралығында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы аясында 18 жастан бастап ісін жаңадан бастаған және болашақ кәсіпкерлерді оқытудың екінші кезеңі өтті.
Оқыту кезінде өз идеяларының бизнес–моделін жасау, қаржылық жоспарлау, ресурс сақтау, бастапқы капиталды есептеу, өндіріске кететін шығындарды жоспарлауды үйретіп, кәсіпкерлік қызметке дайындық деңгейін келіссөздер жүргізу машықтары арқылы көрсетіп, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысудың жолдары түсіндірілді.
Жоба шеңберінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілері бизнесті жүргізу, шағын және орта бизнесті тіркеу сұрақтары бойынша кеңес берді.
«Мен бірнеше курстарға қатыстым. Бірақ бұл жобаның ерекшелігі - нақтылығында әрі болашақта өз бизнесіңді жүргізуде осында алған біліміңді қорықпай қолдануға болады. Сонымен қатар атап өтетін жағдай кәсіпкерлікті дамытуда көмек көрсеткен «Даму» Қорына ризашылығымды білдіремін»,- деді оқушылардың бірі Жазира Меңдіғалиева.