menu
Жабу

Тараз қаласыңда «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы бойынша екінші кезең аяқталды

Жаңалықтар
24.04.2017

17-19 сәуір аралығында Кәсіпкерлердің құзіретін арттыру бірыңғай бағдарламасының «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы аясында «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында оқу бағдарламасы өтті.

Жоба сәтті бизнеске айнала алатын стартап-жобаларды құруға, қаржыландыру көздеріне арнап стартап-жобаларды іске асырушы кәсіпкерлердің мүмкіндігін кеңейту мақсатында тұрғындардың біліктілігін қалыптастырып және оны дамыту жолы арқылы кәсіпкерлік тұрғыдан кәсіпкерлік әлеуетін ашуға бағытталған.

Жобаға қатысуға 60 өтінім қабылданды. Оқытуды «УТБИ» ЖШС консалтингтік компаниясының жоғары білікті бизнес-тренерлері жүргізді.

«УТБИ» консалтингтік компаниясының мамандары жобаға қатысушылардың кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу ілімін, заңгерлік аспектілерді, ұжымды басқару, қаржылық аспектілер, бизнес-жоспар құру, маркетингтік қызмет салаларын оқытты.

Мысалы, Эльмира Байназарова медиа судия саласы бойынша қызмет көрсетуді жоспарлайды. Оның айтуынша, бизнестің бұл түрі сұранысқа ие және мұндай бизнес-оқыту өте қажет.

Оқыту аяқталғаннан кейін 42 қатысушыға «Жаңа бизнес ашуды қолдау» Жобасы шеңберінде семинар-тренингтен өткендігі туралы сертификаттар тапсырылды.