2017 жылдың 21 сәуірінде Жамбыл облысы бойынша «Даму» Кәсіпкерлерді қолдау орталығының аймақтық филиалында екінші деңгейлі банктер (ЕДБ), Жамбыл облысының құрылыс басқармасы, жеке құрылыс салушылар мен құрылыс компания өкілдерінң қатысуымен «Нұрлы жер» тұрғын-үй құрылысы бағдарламасы бойынша дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша аймақтық филиалының субсидиялау менеджері Гульназ Абдирахимова «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке құрылыс салушыларға «Даму» Қоры несиелерді субсидиялауды бастайтынын айтып берді. 2017 жылы республикалық бюджеттен 10,7 млрд теңге субсидия бөлу қарастырылған. Жоспарланған тұрғын-үйлерді іске қосу 2018 жылы 300 мың ш.м. деңгейінде күтілуде. Дөңгелек үстел барысында бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері бойынша мәселелер қозғалған.
Бағдарламаны іске асыру механизміне сәйкес ЕДБ жеке құрылысшыларға тұрғын-үй құрылысын салуға ӨҮК субсидиялау бойынша шешім қабылдаған сәтте ҚР Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен 5% аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен несиелер береді. Бүгінгі таңда Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі 11%-ды құрайды, тиісінше, құрылыс салушыға сыйақы мөлшерлемесі 16% құрайды. Оның ішінде "Даму" Қоры 7% жылдық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялайды. Қалған 9%-ын құрылыс салушы төлейді. Субсидиялар жаңа несиелер бойынша және тұрғын үйлер салу бағытында өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге беріледі, бірақ қолданыстағы тұрғын үйлерді реконструкциялауға немесе қайта жаңғыртуға берілмейді.
Максималды субсидиялау мерзімі – 36 айға дейін ұзартусыз.
Бағдарламаның шарттары бойынша жеке құрылыс салушы – 50% кем емес салынған тұрғын үйді Құрылыс Жинак банкінің тетіктері арқылы тіркелген бағалар бойынша жүзеге асыру.
Астана және Алматы қ. және олардың қала маңы аймақтарында, 260 мың теңгеге дейін;
Қалған өңірлерде 220 мың теңгеге дейін.
Баға таза әрленген 1 шаршы метр үшін есептелген.
Жеке тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салу құны 120 мың теңгеден аспайды (инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құнын есепке алмағанда).
Сондай-ақ, осы Бағдарлама шеңберінде екінші деңгейлі банктер халыққа беретін ипотекалық тұрғын үй несиелерін субсидялау құралын енгізген, жүзеге асыруға жүктелген мекеме «Ипотекалық ұйымы» «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-мы.