menu
Жабу

Астана қаласында ауыл әйелдерін экономикалық сауатын көтеруді мақсат еткен дөңгелек үстел өтті

Жаңалықтар
06.03.2017

Астанада «Ауылдық жерлердегі әйелдердiң экономикалық сауатын арттыру. Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты дөңгелек үстел өтті.

Шара Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен және «Қазақстан кәсіпкер-әйелдер одағы» ҚҚ ұйымдастыруымен өтті.

Жиынға «Даму» Қорының Астана қалалық филиалының директоры И.У. Қайырбеков қатысты.

Филиал директоры Исламбек Қайырбеков қатысушыларды келе жатқан Халықаралық Әйелдер мерекесімен құттықтап, нәзік жандардың Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуына үлкен үлес қосып отырғандығын атап өтті. ШОБ иелерінің 44%-ын әйелдер құрайды. Бұл көрсеткіш АҚШ-та 38% болса, Германияда 33%, Францияда 25% екен.

Елімізде әйел кәсіпкерлер басым салалар:

Білім беру – 69%

Қонақ үй және тамақтану бойынша қызметтер – 64%

Жылжымайтын мүлік операциялары – 61%

Сауда – 60%

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 55%.

Дөңгелек үстелге қатысушылар аймақтық филиал басшысына кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары бойынша сұрақтар қойды.

Қордың бағдарламалары туралы толық ақпаратты Кәсіпкерлерге қызмет көрстеу орталығына келіп ала аласыз. Орталықтың мекен-жайы: Астана қаласы, Қажымұқан көш. 8А, 1-қабат, тел. 559199

Сонымен қатар Астана қаласында өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар болғыңыз келсе, facebook желісіндегі «Фонд Даму в Астане» парақшасына жазылыңыздар.