menu
Жабу

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды

Жаңалықтар
06.01.2017

2017 жылдың 5 қаңтар күні ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дәния Еспаева жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды Жұмыс сапары барысында депутат «Даму» Қорының аймақтық филиалына келіп, жұмыс барысымен танысты.

Қор қызметкерлерімен танысу барысында депутат қазір талқылаудағы және толықтыру үстіндегі заң жобалары туралы айтып берді. Дәния Еспаева ұзақ уақыт «Қазкомерцбанктің» аймақтық филиалын басқарғандықтан, бизнес өкілдерінің мүддесін қорғап келеді. Себебі кәсіпкерлердің проблемаларын жақсы біледі және шешу жолдарынан да хабары бар.