menu
Жабу

Мүгедек әйелдерді кәсіпкерлікке баулу

Жаңалықтар
23.12.2016

Қарағанды қаласында «Шырақ» қауымдастығының «Мүгедек әйелдерді кәсіпкерлікке баулу» атты жобасы бойынша 2 күндік семинар тренинг өтті. Семинар «Даму» Қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өткізілді.

Қауымдастықтың бұл жобаны іске асырудағы мақсаты - Астана мен Алматы қалаларында және барлық облыс орталықтарында семинарлар өткізіп, ең кем дегенде әр түрлі топтағы мүгедек 180 әйелді оқыту. Семинардан кейін мамандығын өзгертем деген әйелдерге көмек көрсетілетін болады.

Семинарды өз бизнесі бар, қауымдастықта жұмыс істейтін Татьяна Баклажанская бастап берді. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, бизнеспен қалай айналысу қажет екенін түсіндірді. Сонымен қатар семинарға қатысушылар Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының (КҚКО) жұмысымен танысып, «Даму» қорының іске асыратын мемлекеттік бағдарламаларымен танысты. КҚКО кеңесшісі Салтанат Оспанова мемлекеттік бағдарламаға қатысу бойынша қалай көмек алуға болатынын айтып, «Даму–Көмек» жобасымен таныстырды. Ал Нұргүл Солтанбекова қатысушыларға бизнес жоспар жасап беруге көмектесетін айтты.

Семинарға қатысушылар алғыстарын білдіріп, бұдан кейін де «Даму» қорының іске асыратын бағдарламаларына қатысуға ниетті екенін жеткізді.