menu
Жабу

«Даму» Қоры ШЫҰ және БРИҚС қатысушы-мемлекеттер аймақтарының кіші бизнестерінің ІІ форумына қатысты

Жаңалықтар
13.12.2016

2016 жылдың 1-2 желтоқсанында Уфа қаласында ШЫҰ және БРИҚС қатысушы-мемлекеттер аймақтарының кіші бизнестерінің ІІ форумы өтті.

Бірінші форум 2015 жылдың қазан айында өткізілген болатын. Бұл - бизнес-құрылымдар, бизнес пен ШЫҰ және БРИҚС қатысушы-мемлекеттер өңірлік ұйымдар билігі арасындағы экономикалық қарым-қатынаста тиімді интеграциялық алаңға айналды. Шара 19 мемлекеттің 1500-ден астам делегаттары мен 46 Ресей өңірінің басын біріктірді. Форумның соңында қатысушылар ШЫҰ және БРИҚС қатысушы-мемлекеттер өңірлеріндегі кіші және орта бизнестерді дамытуды үдету, кәсіпкерліктің беделін көтеру бойынша енгізілген ұсыныстарға резолюциялар қабылдады.

Форум бағдарламасының айтарлықтай бөлігі шикізаттық емес экспорт өсіру болашағын, ауылшаруашылығын дамытуға және франчайзингқа, жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсетуге арналған болатын. Сонымен қатар, қатысушылар кіші бизнесте инновациялық, ғылыми ауқымды және импорттың орнын басатын салалардағы өнеркәсіптің рөлін, сондай-ақ мемлекетте және нақты өңірлерде қолайлы инвестициялық климат қалыптастыруға әсер ететін факторларды бағалады. Әкімшілік кедергілерден өту және кіші бизнесті дамытуға бағытталған кәсіпкерлер мен билік ұйымдары өкілдерінің талқылаулары оң әсерін тигізді.

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Ерқанат Қайратұлы Әбенов Форум жұмысына белсене қатысты.

Тыңдармандар Қазақстанда бүгінгі таңда қолданылатын кіші және орта бизнесті қолдау бағдарламаларымен танысты.

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қорының өкілінің баяндамасына мемлекеттік құрылымдар тарапынан ғана емес бизнес өкілдері тарапынан да көптеген қызығушылықтар болды.