menu
Жабу

Ақмола облысында «БЖК 2020» бағдарламасы аясында қолдау алған кәсіпкерлердің кәсіпорындары бойынша пресс-тур өткізілді

Жаңалықтар
09.12.2016

8 желтоқсанда Ақмола облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қоры» жергілікті және республикалық БАҚ өкілдерімен пресс-тур ұйымдастырды.

Пресс-тур барысында жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер бойынша: ТОО «Науфаль Шаңырақ», білім беру саласында ТОО «Бэйби Бум», ИП «Сатыбалдина С.Е» және өнім өндіріс саласында ТОО «СтеклоцентрКокше», ТОО «Кокше-Мебель» кәсіпорындарын аралады.

Алғашқы болып журналистер «Мансұр» балабақшасына барды. «Бэйби Бум» ЖШС-нің директоры Айнұр Жусупова Красный Яр ауылында мемлекеттік балабақшаның ескі ғимаратын ұзақ мерзімге жалға алып, жөндеуден өткізуді шешкен. Бүгінгі күні селода 2 балабақша бар. Оған 153 бала барып, ал кезекте 837 бала тұр. Сондықтан кәсіпкер тағы бір балабақша ашу туралы ойға келді.

Жеке қаражатына ол құрылыс материалдарын сатып алды. Жобаны аяқтау үшін «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 15 000 000 теңге көлемде несие алуға бел буғанмен, банк алдында кепілзаттың жетіспеушілік проблемасын «Даму» Қорының кепілдемесі арқылы шешті. Қарыз қаражатына жиһаз, жабдықтар, құрал-саймандар алынып, сонымен қатар құрылыс-монтаждық және аумақты сәулеттендіру бойынша жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күні 87 бала балабақшаға барып жүр. Жалпы 180 орынға есептелген. Балабақшада 4 мезгіл тамақтану, ойындар мен сабақ өткізу қарастырылған, Сондай-ақ бағдарламада тілдерді оқыту, математика, логика, ырғақ, музыка, би, көркем сурет, ән-күй, балалар мерекелерін және ертеңгіліктерді өткізу, театр мен көрмелерге бару да ұйымдастырылады.

Кепілдіктен басқа «Бэби Бум» ЖШС жақын арада пайыздық мөлшерлемені субсидиялауда мемлекет жағынан қолдау ала алды. Бұл - кәсіпкерге несие төлемінің сомасын төмендетуге көмек береді.

Журналистердің аралаған келесі жобасы «Науфаль Шаңырақ» кәсіпорыны. «Науфаль Шаңырақ» ЖШС директоры Галия Рахимберлинаның білім беру саласында үлкен тәжірибесі бар. Балабақша директоры қызметінде жүргенде ол егде жастағы адамдар үшін интернат үйін ашу идеясын көп ойлайтын. Қарттар психологиялық көмек пен әлеуметтік қорғауды қажет етеді. Бұл жобаға «Сбербанк» АҚ арқылы 20 млн теңге несие «Даму» қорының қолдауымен 7% пайыздық жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен берілді. Соның арқасында Көкшетау қаласының экологиялық таза аумағынан қарттарға арналған пансионат ашылды. Ол жерде оңалту мен ем алудан басқа қарттарға арналған демалыс орындары да қарастырылған. Бүгінде кәсіпорын Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Осы жылдың қыркүйек айында «Улыбка» атты жаңа элиталық балабақша өз есігін ашты. Жеке кәсіпкер Сәуле Сатыбалдина мектепке дейінгі білім беру саласындағы елеулі тәжірибесі бар маман. Кәсіпкер жалпы несие соммасы 39 млн жеңілдетілген несие арқасында 12% мөлшерлемемен «Даму» қоры бағдарламасы арқылы балабақшаға арналған ғимарат сатып алды. «Улыбка» балабақшасында балет студиясы, жазғы бассейн, гүл және көкөніс егу мүмкіндігі бар. Әзірге 20 бала тіркелген.

Мударис Абдулин әйнектер шығарумен 10 жылдан астам уақыт бойы айналысып келеді. Ол өз бизнесін шыны, айна сату және кесуден бастады. Бірақ өз ісін қалай да өзгерту керек екендігін ұғатын. Бизнес бір орында тұрмайды, әрі бәсекелестер те ұйықтап отырмайды. Өз ойын жүзеге асыру мақсатында кәсіпкер «БЖК-2020» бағдарлама аясында несие алуға тапсырыс берді. Несие 3 ай ішінде қолға тиді. Нәтижесінде 19 млн несие сомасы кәсіпкерге 7% мөлшерлемеге айналды. Несие қаражатына қосымша өз қаражатын қосып түрлі-түсті басып шығару плоттерін алды. Қазіргі уақытта «Көкше Шыны орталығы» ЖШС кез-келген бұйымның бетінде ультракүлгін бедер басып шығара алады. Қазіргі таңда кәсіпорында 10 адам еңбек етеді.

Пресс-тур соңында журналистер жиһаз өндіретін өндірістік зауытты аралады. Көкшетаулық кәсіпкер Әмір Сақтағановқа өзінің жеке бизнесін ашу идеясы 7 жыл бұрын келді. Жиһаз цехында біршама тəжірибе жинаған соң «Көкше – Мебель» ЖШС тіркеді. Кәсіпкер әу баста жұмысшыларды іріктеуден цехтың орналасу жерін таңдауға дейінгі қиындықтарды бастан кешкенін айтады. Алғашында цех гаражда орналасты. Кейін тапсырыс пен өнімнің түрлері көбейген соң жалға үлкен өндірістік ғимаратын алды. Əр жылда бір өзгерістер болып жатты.

Әмір Сақтағанов бүгінгі күні бəсекелестік зор екенін айтады. Яғни тапсырыс берушінің ойынан шығу үшін заманауи жабдықтар қажет. Ол арзан емес. Сондықтан Әмір Сақтағанов «Даму» Қорына жүгінуді шешті. Онда оған жылына 6%-бен өңдеу өнеркəсібі саласындағы «Даму-Өндіріс» бағдарламасы ұсынылды. Кәсіпкер «Даму» Қоры кепілдемесінің арқасында кепілзат мəселесін де шеше алды. Ол «Fortebank» АҚ арқылы 40 млн теңге көлемінде ақша алып, оған жаңа жабдықтар мен шикізат сатып алды. Жеңілдетілген несие өнімнің сапасын жаңартуға жəне жұмсақ пен корпустық жиһаз өнімдерінің 150 түрлеріне дейін арттыруына мүмкіндік берді. Бүгінгі күні кəсіпорында 80 адам еңбек етеді.