menu
Жабу

Оңтүстік Қазақстан облысына «Тәуелсіз Қазақстан» үгіт-насихат пойызы келді

Жаңалықтар
07.12.2016

Осы аптаның басында Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына ұйымдастырылған Республикалық акция шеңберінде «Мәңгілік Ел» үгіт-насихат пойызын қарсы алды.

Алдымен үгіт-насихат пойызы «Түлкібас» бекетіне келді, сонан соң оның қатысушылары «Түркістан» бекетіне аялдады. Екі бекетте үгіт-насихат пойызын этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, білім беру, денсаулық сақтау, қаржы ұйымдарының қызметкерлері, қарапайым халық күтіп алды.

Облыс тұрғындарына әлеуметтік, құқықтық, медицина бойынша сұрақтарға, мемлекеттік қызметтерді ұсыну, бизнес пен ауылшаруашылығын жүргізу, кең ауқымды ақпараттық қолдау алу бойынша кеңестер алуға мүмкіндік туды. Барлық ниет білдірушілер бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңестерді Оңтүстік Қазақстан облысы "Даму" Қорының менеджерлерінен, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңс берушілерінен, Аймақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен, «ҚазАгро» Холдингі» АҚ кеңес ала алды.

Тұрғындардың қойған сұрақтарының көпшілігі, ауылды елді мекендерде бизнесті қолдау, бастаушы және жас кәсіпкерлерді қолдау шаралары сияқты тақырыптарды қамтыды.