menu
Жабу

Алматы қаласында «Электрондық мемлекеттік сатып алу» атты кәсіпкер әйелдерге арналған семинар өтті

Жаңалықтар
22.11.2016

Бүгінгі таңда әрбір екінші мекеме өз қызметінде электрондық мемлекеттік сатып алуды пайдаланады. Ақпарат түрлері мен тәсілдері, электрондық мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ оларға қатысу ережелері әрқашан өзекті. Осыған байланысты «FB Capital» ЖШС брокерлік компаниясы «Электрондық мемлекеттік сатып алу» тақырыбында семинар өткізді. «FB Capital» брокерлік компаниясы шағын және орта бизнестің қаржы мәселелері бойынша 2010 жылдан бастап брокерлік, дилерлік, сондай-ақ консалтингтік қызметтерде мүдделерін қолдайды және Қазақстанда, ТМД елдерінде заңды тұлғалардың астық, мұнай, металдар мен басқа да өнеркәсіп биржалық тауарлар сатып алу–сату шаралары барысында қызмет көрсетеді. Сонымен қатар электрондық сауда-саттық өткізу үшін өзінің электрондық алаңы да бар.

Семинардың мақсаты - электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға заңнамалық аспектілер және ережелерді түсіндіру. Оқыту барысында мемлекеттік сатып алудың электрондық түрлері, сатып алу және тағы басқа мәселелер жан-жақты қарастырылды.

- Семинар өте ұнады, мемлекеттік сатып алу Заңына енген өзгерістер туралы көптеген ақпарат алдым,- «Тактика» ЖК жетекшісі Наталья Махно.

Семинарға 30-дан астам адам қатысты. Семинары аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.

Анықтама: Алматы қаласының «Даму» өңірлік филиалының барлық іс-шараларымен Қордың корпоративтік сайтында Алматы өңірлік филиалының күнтізбесі арқылы арқылы танысуға болады.