«Қызмет көрсету саласы мен туризм» тақырыбында Медеу ауданында «MedeuInvest 2016» форумы өтсе, Алмалы ауданында «Инвестициялар тарту және кәсіпкерлікті дамыту» атты тұңғыш инвестициялық форум өтті.
Қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов өз сөзінде: «Алматы – 2020» бағдарламасының басым бағыттарының бірі – қалада өзара байланыстағы бірнеше орталық құруды дамыту»,- деп атап өтті.
Алматының әр ауданының өз ерекшелігі бар. Сондықтан да біз биыл әр ауданда салалық инвест форум ұйымдастыруды қолға алдық. Әр ауданның форумына сол аудан ерекшелігіне орай тақырып бекітіледі. Бірінші форумда туризм мен қызмет көрсету саласын Медеу ауданында талқыласақ, Алмалы ауданында негізінен шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері көтерілді. Бұл кездейсоқтық емес. Себебі ШОБ әр бесінші субъектісі Алмалы ауданында тіркелген. Шамамен 50 мыңды құрайды. Бұл Батыс Қазақстан облысы (47 мың), Қызылорда облысы (47мың) және Солтүстік Қазақстан облысымен салыстырғанда жоғары көрсеткіш (38 мың).
Алмалы ауданының тұңғыш инвестициялық форумы аясында Мемлекеттік-жеке әріптестік Орталығы мен «Vinci Construction Grands Projets» француз компаниясының арасында өзара түсіністік пен әріптестік тралы меморандумға қол қойылды.
Медеу ауданында ШҚО мен Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар Басқармасы және «Maqanhotel» қонақ үйі арасында өзара инвестиция тарту жөнінде меморандумға қол қойылд