menu
Жабу

Астанада сауда саласындағы кәсіпкерлер үшін дөңгелек үстел өтті

Жаңалықтар
05.08.2016

29 шілдеде Астанадағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Даму» Қоры филиалының ұйымдастыруымен сауда саласы, кәсіпкерлері, сауда желілері өкілдері мен ритейлерлер үшін дөңгелек үстел өтті.

Жиналғандарды Орталық кеңесшісі Акбота Аюпова «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу шарттарымен таныстырды.

Бағдарлама енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, кез-келген саланың кәсіпкерлері қаражаттарын толтыруға жаңа несие алуға немесе инвестициялар үшін алынған кредитті қайта қаржыландыруға мүмкіндігі бар. Осы мақсатта бағдарламаға БЖЗҚ-дан қаражат бөлінген.

Шараға «Даму» қорының серіктестері - БанкЦентрКредит, Kassa Nova, Казкоммерцбанк банктерінің өкілдері шақырылды

Дөңгелек үстелге қатысушылар бағдарлама бойынша субсидия алу мен банк алдында кепілзаты жетіспеген жағдайда «Даму» қорының кепілдігін алу жайы қызықтырды.

Кәсіпкерлердің сұрақтарына «Даму» қорының Астана филиалы директорының орынбасары Едіге Марғұлан мен бас менеджер Руслан Нурьяров жауап берді.

Дөңгелек үстел кейін мемлекеттік қолдау алу мүмкіндігі бар кәсіпкерлер КҚКО консультанттарынан жеке кеңес алды.

КҚКО-да өтетін шаралар жайлы damu.kz сайты немесе орталық кеңесшілерінен біле аласыздар. Біз сізді Астана қаласы, Қажымұқан көш. 8а мекен-жай бойынша күтеміз. тел. +7 717 2559199.