info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Павлодар облыстық «Мөлдір» мүгедек әйелдерді әлеуметтік бейімдеу орталығының мүшелеріне арналған семинар өтті

Жаңалықтар
23.06.2016

«Мөлдір» қоғамдық ұйымы 2012 жылы құрылған болатын. Мүгедектігі бар әйелдерді тұрмыстың барлық салаларында қорғау мен қоғамда оларға ыңғайлы, өзгелермен тең жағдай жасауды көздейді.

Ұйым мүшелерінен 7 маусым күні www.damu-komek.kz сайтына оқыту семинарын өткізу туралы өтініш келіп түскен. Соның негізінде өткен аптада орталықта «Бизнес жүргізу негіздері» атты тақырыпта оқыту өтті. Тренингке қатысушылар бизнес бастау, жүргізу негіздерімен танысып, қажетті көрнекілік құралдарын алды.