Көкшетау қаласының КҚКО-да кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту Бірыңғай бағдарламасының күшіне енген өзгертулерін екінші деңгейлі банктердің, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдерін таныстыру мақсатымен семинар өтті.
Ақмола облысы бойынша «Даму» Қорының субсидиялау және кепілдендіру бойынша бас менеджері Руслан Кәкенов Бірыңғай бағдарламаның өзгертулері туралы толық айтып берді. Сондай-ақ банкирлердің назарына «Даму Блиц» және «Даму Оптима» жаңа бағдарламалар ұсынылды. Олар ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында іске қосылуы жоспарлануда.
Кездесу барысында банктердің өкілдері Бірыңғай бағдарламаға енгізілген өзгертулері мен қолдағы қарыздарды қайта қаржыландыру жағдайының мүмкіндіктерін жете талқылады.