Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау Университетінің 20 студенті «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» бағдарламасының аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыды.
5 күн ішінде жүргізілген ЖОО жанындағы оқу кезінде бағдарламаға атсалысқан студенттерде бизнес саласында өз білімдерін толықтыру және жетілдірудің бірегей мүмкіндігі болды.
Жоба соңында қатысушылар байқау комиссиясының алдында өз бизнес-идеяларын таныстырды. Бизнес-жобалардың арасынан қазылар алқасы мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту орталығы, ешкі сүті өндірісі мен кәдесый бұйымдарының полиграфиялық дизайн өндірісін ашу сияқты идеяларды ұнатты. Жақсы жобалардың жетекшілеріне тәжірибелі кәсіпкер-тәлімгерлерді бекітті. Олар кәсіпкерлікке баулып, жеке тәжірибелерімен бөліседі.
Осындай бағдарламалар қатысушыларға бизнесті жүргізу саласында жаңашылдыққа тартып, нәтижелі техниканы игеруге, алған білімін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.