info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

КҚКО кеңесшілері «Өнімділік 2020» бағдарламасымен танысты

Жаңалықтар
30.05.2016

«Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ өкілдері Көкшетау қаласында кәсіпкерлерге арналған семинар-кеңес өткізді. «Өнімділік 2020» бағдарламасының аясында мемлекеттік бағдарлама шараларының тетігімен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығының кеңесшілері де танысты.

«Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ орталығы директорының орынбасары Диас Серіков кәсіпкерлікті қолдау құралдары жайлы айтып берді. Олар экономиканың басымдық берілген салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін айтарлықтай тиімді жағдайларды ұсынады.

ҚИДИ технологиялық үрдісті жетілдіруіне, кәсіпорынның құзыретін көтеруіне, жобаның комплекстік жоспардың сараптамасын әзірленуіне және өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін артыруына 50%-ға дейін кәсіпкерлердің шығынын төлеуге дайын.

Бағдарлама және қажетті құжаттардың тізімі туралы нақты ақпаратты Кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығында біле аласыз.