Компанияның аудит бөлімінің маманы Татьяна Квитко семинарды салық тексеруіне қалай дайындалу керек?,- деген сұрақпен бастады. Алматылық кәсіпкерлер компанияның салықтық тәуекелі бар жоқтығын анықтау жолдары туралы біле алды. Сондай-ақ салықтық заңнамаларды орындау барысында жеке кәсіпкерліктің тәуекелді бағалау талаптары туралы да айтылды.
Салықтық жүктемені қалай азайтуға болады және компанияның камералды тексеруін қалай жүзеге асыру керек деген сұрақтарға да толық жауап берілді.
Семинардың екінші бөлігін бас директор Галина Семенкина «Құжаттарды мұрағаттау» деген тақырыпта жалғастырды.
Қатысушылар мұрағаттау жөнінде, оның ішінде қандай құжаттарды сақтауға болады, сақтау мерзімі, жою тәртіптері, жеке құрамның, жалақы бойынша құжаттар топтамасын қалай рәсімдеуге болатынын білді.
Семинар соңында «Даму» Қорының Алматы филиалының менеджері Салтанат Наурызбаева тыңтаушыларға «Бизнестің жол картасы 2020» Біріңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау бағдарламаларын таныстырды. Семинарға қатысушылар «Даму Блиц» технологиясы туралы да хабар алды. Ол технология бойынша кәсіпкер 3-7 күн ішінде 14 пайыздық мөлшерлемемен 30 млн теңгеге дейін несие ала алады.