menu
Жабу

Ақтау қаласында «Жаңа бизнес ашуға қолдау» бағдарламасы шеңберінде 3 күндік тренинг өтті

Жаңалықтар
28.04.2016

«Даму» Қоры Маңғыстау облысы бойынша филиалындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 20-22 сәуір күндері аралығында 27 жаңа іс бастаушы кәсіпкерге арнап «Жаңа бизнес ашуға қолдау» бағдарламасы бойынша 3 күндік курс өткізді.

Тренинг барысында қатысушылар жан-жақты білім алып, біліктілігі мен бизнесте жинаған тәжірибелерін арттырды. Кәсіпкерлікті басқарудағы психология, тұтынушыларды таңдау, іздеу және қалай ұстап қалу мәселелері ауқымды түрде оқытылды. Бизнес тренер маркетингтік шешім қабылдау мен персоналдарды басқару бойынша практикалық нұсқаулықтар көрсетті. Командалық құрылым жасақтап оқудың барысында, тренингке қатысушылар кәсіпкерлікке дайындығы мен басқарушылық қабілетін артқанын сезінді. Келіссөздер жүргізу мен жұмысшыларды ынталандыру дағдыларын ұлғайтты. Кәсіпкерлер тек қана білім алумен шектелмей, пайдалы әріптестік те орнатты.

Курстан өткен кәсіпкерлер үшін келесі қадам - коммерциялық банктердің және қаланың негізгі бизнес өкілдері құрылған қазылар алқасының алдында өздерінің бизнес-жобаларын ұсынып қорғауы. Шара байқау түрінде өтеді. Төрт жеңімпаз «Даму» Қоры ұйымдастырған бизнесті басқару атты он-лайн оқуға қатысатын болады.

Мемлекттік бағдарламаларға қатысып, қолдау алғысы келген кез-келген азамат Даму қорындағы КҚКО мамандарының көмегімен жобаны іске асыруға қолдау ала алады.