info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Петропавл қаласының КҚКО жанында «Жаңа бизнес ашуға қолдау» жобасы оқушыларының Старт-ап бойынша Бизнес-жоспар байқауы өтті

Жаңалықтар
28.04.2016

Өткен аптада Петропавл қаласындағы «Даму» Қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Жаңа бизнесті ашуға қолдау» жобасы аясында іс бастауды ұйғарған жас кәсіпкерлер қысқа мерзімде оқығаннан және консультациялық қолдаудан соң жасаған Старт-ап жобаларын Бизнес-жоспарлар байқауында таныстырды.

Семинарды «Business Masters» ЖШС компаниясының жоғары білікті бизнес-жаттықтырушылары өткізді.

Оқу барысында қатысушылар өз бизнес-үлгілерін жасауды, қаржылық жоспарлау, ресурспен қамтамассыз ету, өндіруге қатысты шығындарды жоспарлау және бастапқы капиталды санауды үйренді.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өткен семинарға қатысушылар кәсіпкерлік қызметке дайын екендігін бағалап, келіссөз жүргізуді игеріп, өз өнімдерін өткізудегі әдістер мен құралдар жайында ақпарат алды. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Біріңғай бағдарламасының шарттарымен танысты.

Білікті қазылар алқасы мен болашақ инвесторлар алдында бизнес-жобаларды сәтті таныстыру - оқу мен кеңестік-тәжірибелік қолдаудың нәтижесі болып табылады.

Бизнес-жоспарлар байқауда Нұргүл Рахимжанованың «Сырт киім мен үй тоқымасын био-тазалау», Әккү Асриеваның «Петропавловл қаласындағы балабақша», Құндыз Муратованың және Екатерина Старостинаның «Шығармаларды ұйымдастыру шеберханасы», Әлия Даулиеваның «Candy cake кондитерлік үйі» старт-ап жобалары жеңімпаз атанды.