menu
Жабу

Алматылық 58 кәсіпкер «Назарбаев университетте» өтетін тегін оқуға барады.

Жаңалықтар
15.04.2016

Өткен аптада Алматы қаласы әкімшілігінің ғимаратында қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновтің төрағалық етуімен өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыстың басты тақырыбы «БЖК 2020» біріңғай бағдарламасы аясында «Назарбаев университетте» өтетін кәсіпкерлердің білім деңгейін көтеруге және бизнес жүргізудің заманауи модельдерін енгізуге арналған семинарға баруға ниет білдірген кәсіпкерлер тізімін бекіту болды.

«Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» бағдарламасы аясында «Назарбаев университет» үнемі семинар ұйымдастырып отырады.

Аталған бағдарлама бойынша оқуға баруға экономиканың басымдық берілген салаларында қызмет етіп жүрген шағын және орта кәсіпкерлік басшыларының жоғары және орта буын өкілдері өтініш бере алады.

Өңірлік үйлестіру кеңесінің «Назарбаев университеті» АҚ жанында өтетін бизнес-оқуға баруға өтініш берген кәсіпкерлердің тізімін бекіту шешімі бірауыздан қабылданды.