Ақтөбеде студенттерді кәсіпкерлікке баулу жобасы басталды. 14-19 наурыз аралығында Ақтөбе облысы бойынша Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығында «Студент жастардың бизнес бастамаларын қолдау» деп аталатын жобаның бірінші семинары өткен болатын.
Қ. Жұбанов атындағы университеттің 25 студенті кәсіпкерлерге мемлекеттің қолдау көрсету бағдарламаларымен танысты. Атап айтқанда «БЖК 2020» бағдарламасымен танысып, бизнес бастаудың әліппесіне қанықты.
Бұл шараның мақсаты – жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, оларды «Даму» қоры мен әкімшілік қаржы бөлген «Жас старт» деп аталатын жаңа бағдарламаға тарту болып табылады. Жалпы алғанда осы жыл ішінде Ақтөбелік студенттер үшін 4 семинар өткізіледі, - дейді «Даму» қорының аймақтық филиалының бас менеджері Әліби Сабыр.
«Студент жастардың бизнес бастауын қолдау» жобасы жасы 18-29 аралығындағы ЖОО мен орта оқу орындары студенттерінің кәсіпкерлік бастаймын деген ниетін құптап, демеу беру, бағыт-бағдар көрсету.