«Даму» Қорының 2015-2018 жылдарға арналған Кәсіпкерліктің құзіретін арттыру бірыңғай бағдарламасы бойынша «Жаңа бизнес ашуға қолдау көрсету» жобасын іске асыру аясында Қордың Атыраудағы филиалы мен «Консул» ЖШС тренерлерімен біріккен 3 күндік семинар болды.
«Жаңа бизнесті ашуға қолдау көрсету» жобасы тұрғындардың кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға бағытталған. Яғни старт-ап жобалардың кейіннен сәтті бизнеске айналуына және кәсіпкерлерді қаржы көзіне жақындатуды көздейді.
Жобаның басты міндеттері:
Жоба қатысушыларына бизнес ашу және дамыту бойынша кешенді қаржылай емес көмек көрсету;
Жоба қатысушыларының шағын кәсіпкерлік субъектілерін жасау;
Шағын кәсіпкерлерді қаржыландыру көзі мен инфрақұрылымдық қолдау объектілеріне жақындату;
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға ие болған Стартап-жобалар санын көбейту;
Стартап-компаниялардың бизнесті сәтті басқару дағдысының құрылу және қалыптасу кезеңіне тәлімгерлік институттарын енгізу.
Өткен аптада екінші деңгейлі банк өкілдері мен облыстың алдыңғы қатарлы кәсіпкерлері бірігіп өткізген оқу қорытындысы бойынша старт-ап жобалар іріктелді.
Қатысушылар жеңіл өнеркәсіп, өсімдік шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс саласы бойынша 10 жоба ұсынды.
Таныстырылған жобалар бойынша екінші деңгейлі банк өкілдері өз ұсыныстары мен сын-пікірлерін айтып өтті.
Ирина Нейбарттың «Тоқыма бұйым өнеркәсібі», Гүлжан Шәкірованың «Diamond – сауат ашу орталығы», Роза Бәйменованың «Тасқала ауылында алғашқы медициналық санитарлық көмек орнын ашу», Мейрамкүл Ертаеваның «ART Туған Өлке» қолданбалы өнер» жобасы Үздік бизнес-идеялар төрттігіне кірді.
Тәлімгерлік еткен кәсіпкерлер Асхат Бақыт пен Гүлназ Досымбаева ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша кез-келген уақытта көмек көрсететінін айтты.