menu
Жабу

Бизнеске бет бұрған жандарға «Кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау» тақырыбына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Жаңалықтар
17.03.2016

15 наурыз куні Алматы базарларының бірінде «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының» кеңесшісі Сыдықов Олжас Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп, жас кәсіпкерлерге арналған «Мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау» тақырыбына семинар өткізді. Олжас 3-7 күн аралығында 14 пайызбен 30 млн теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік беретін «Даму-блиц» бағдарламасы туралы айта келіп, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы ұсынатын 7%-10% субсидиялауды пайдаланып, несиені арзандатуға болатынын түсіндірді.

Сонымен қатар «Даму» қорының 50%-ға дейін кепілдендіру құралдарымен де таныстырып өтті. Кәсіпкерлер сауда және халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін болғандықтан, Олжас «Жібек-жолы» бағдарламасына ерекше көңіл бөліп, ол бойынша кәсіпкерлер 7 %-бен сауда, шаштараз және қоғамдық тамақтану орындарына несие алуға болатынын айтып өтті. Сондай-ақ іс бастаған жас кәсіпкерлерге осы несиелер бойынша «Даму» қорының 85% кепілдендіру құралын қолдану мүмкіндігі жайлы да айтты. Экономиканың басымдық берілген бағыттарында инновациялық жобаларға 3 млн. теңге қайтарымсыз грант бөлу байқауы бар екенін де баса айтты. Семинар аяғында бірнеше кәсіпкер айналым қаражатын ұлғайту үшін несие алуға қызығушылық білдіріп, кәсіпкерлерге жасалып жатқан қолдау үшін алғысын айтып, қиын да қызықты жұмыстарына жетістік тіледі.