Даму қорының Алматы қалалық филиалы 17-29 ақпан аралығында, «Даму Микро» технологиясы бойынша кәсіпкерлерге арнап дөңгелек үстел өткізді.
Кездесудің басты мақсаты несиелендірудің «Даму- Mикро» атты жаңа технологиясымен шағын бизнес өкілдерін таныстыру болды. Бұл қанатқақты бағдарлама тек Алматы қаласы мен Алматы облысының кәсіпкерлеріне ғана арналған.
Кездесу барысында баспа ісімен айналасатын кәсіпкерлер, фото студия, қонақ үй қожайындары, жиһаз өндірушілер, денсаулық сақтау ұйымдары, кондитерлік өнім жасаушылар, тоқыма бұйымдарын өндірушілер мен техниқалық қызмет көрсету станциялары және екінші деңгейлі банк өкілдері шақырылды.
Жаңа бағдарламаға үш бірдей екінші деңгейдегі банк қатысады. Олар: «Банк KassaNova» АҚ, ЕБ «Альфа- Банк» АҚ, Capital Bank АҚ. Әр банкке бағдарламаны жүзеге асыру үшін келісім бойынша 200 млн.теңгеден қаражат бөлінді.
Кездесуде қатысушыларға «Даму-Микро» бағдарламасының үш түрі таныстырылды. 3 миллион теңгеге дейін несие беретін «Экспресс - несие», 30 миллион теңгеге дейінгі «Микрокредит» және старт-аптарға арналған «Микростарт несие». Барлық несиелер бойынша жылдық мөлшерлеме 14 %.
Сондай-ақ, кәсіпкерлердің банктен несие алу үшін кепілдігі жеткіліксіз болса, «Даму» қорының кепілдемесіне иек артуға болады. Сонымен қатар, жаңа технология бойынша несиенің пайызын 7- 10 % аралығында субсидиялауға да өтініш беруге болады.
Қатысушыларды несие беру шаруаларының жеделдігі мен оңайландырылғаны қызықтырды. Кәсіпкерлердің кепілдікті қамтамасыз ету және тағы басқа сұрақтарына KassaNova банкінің қызметкерлері толық жауап берді.
Кездесу соңында жекелеген кәсіпкерлер кеңес алды.