24-26 ақпан аралығында «Даму» Қоры Қостанай филиалының КҚКО жанында жаңа іс бастаған кәсіпкерлерге арналған үш апталық семинар өтті.
Оған қатысушылар кәсіпқой бизнес-бапкер Виталий Сиуховтың «бизнес жүргізудің экономикалық қырлары», «кәсіпкерлік психологиясы», «маркетинг», «даму және өсу стратегиясы», «мамандарға басшылық ету» тақырыптарындағы дәрістерін тыңдады.
Сондай-ақ бизнес-бапкер ұжыммен жұмыс істей білу мен ДК және ЖШС ретінде бизнестің бастапқы сатысында оны қалай жүргізу керектігін баяндады.
«Жаңа ашылған бизнесті қолдау» жобасының негізгі міндеті – кәсіпкерліктің дамуы мен құрылуын қолдау, Старт-ап жобаларға қаржыландыру көздерін нұсқау, Стартап-жобаларды ұлғайту, тәлімгерлік институтын енгізу болып табылады. Ал негізгі мақсаты – Жаңа бизнес ашу.
Сондықтан оқуда болған жас бизнесмендерге «кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының» мамандары кеңес беріп, жаңа кәсіпорын ашу үшін қандай қолдау керектігін түсіндіріп береді. Болашақ кәсіпкерлер үшін маңызды кезең - тәлімгермен жұмыс және бизнес-жобаларды қорғау болмақ. Байқау комиссиясының мүшелері бизнес-идеясының болашағы зор деген 4 қатысушыға бизнес құрудың шеберлігін тереңдетіп оқытатын тегін тәжірибелік онлайн-оқуға мүмкіндік береді.