Павлодар облысында Кәсіпкерлердің біліктілігін көтеру мақсатындағы біріңғай бағдарлама аясында «Жаңа ашылған бизнесті қолдау» жобасы қорытындыланды

Жаңалықтар
01.03.2016

Жоба кәсіпкерлерлік қабілеттердің ашылуына қолдау көрсету мақсатында қолға алынған. Ол үшін Старт-ап жобаларды бастауға қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыру көзделген. Сөйтіп ол жобаларды болашақта жемісті бизнеске айналып, қаржыландыру көздеріне қол жеткізе алатын мүмкіндік беру жоспарланған. 

«Даму» қорының Павлодар облыстық аймақтық бөлімшесіне жалпы 35 өтініш келіп түскен. Олардың ішіндегі қызықты деген 20 жобаны қазылар іріктеп алып, иелерін әрі қарай оқуға жіберді. 3 күн бойы оқыған жас мамандар кәсіпкерлікті бастау жолдары, кәсікерлік психологиясы, заңдық, қаржылық аспектілерді, менеджмент, маркетинг, бизнес– жоспарлау және тағы басқа керекті машықтарды игерді. Оқу аяғында әр тыңдаушы оқығаны жөніндегі сертификат пен қажетті материалдар алды.

Содан кейінгі 2 апта ішінде «Даму» қорының кеңесшілерінің қолдауымен жобаға қатысушылар өз бизнес-жобаларын жетілдіріп, алдағы уақытта өтетін «Бизнес–идеялар марафонына» дайындалмақ.