menu
Жабу

Қостанай облысында «Даму» Қорының көмегімен тағы бір Start-Up жоба іске асырылды

Жаңалықтар
06.02.2017

Қостанай тұрғындары үшін қала орталығында жаңа қысқы көңіл көтеру орыны ашылды. Әткеншек орнату туралы Start-Up жобаның иесі – Руслан Нұрмұхамбетов. Балаларға арналған ойын–сауық саласында Руслан екі жылдан аса жұмыс жасап істеп келеді. Бірақ ол жалдамалы жұмысшы ретінде саналатын. Желтоқсан айында «Қазақстан Халық Банк» Русланға қысқы әткеншектер және қарда жүретін көліктер сатып алуға несие берді. Енді ол кәсіпкер болып саналады.

Банк шарттары бойынша Start-Up жобаны қаржыландыру кезінде кепілдікке жылжымалы мүлік қажет емес. Тек қана банкке қажетті қарыз сомасының 21%-ын ақшалай салып, депозит ашу қажет. Қалған кепіл сомасын «Даму» Қоры жабады. Сонымен бірге, ойын-сауық саласы – экономиканың басымдық берілген салаларының бірі болып саналатындықтан, Русланның қарыз бойынша пайыз мөлшерлемесі төмендетілді (жылдық 19%-дың 7%-ын мемлекет төлейді). Қостанай қаласының тұрғындары жаңа жылдағы мерекелік күндерінде осындай қызықты нысанды қуана қарсы алды.