Павлодар шипажайы мемлекеттің көмегімен дамып келеді

Жаңалықтар
09.02.2017

«Мойылды шипажайы» АҚ 2013 жылдан бері «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысып келеді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 900 млн теңгеден астам сомаға төрт жоба мақұлданған. Қаражат қосымша курорт ғимараттарын салу, жиһаз сатып алу, машиналар мен жабдықтарды жаңартуға жұмсалды. Ол кезде несие 14%-бен алынған болатын. Дегенмен мемлекеттің субсидиялауы арқасында 7%-ы ғана төленеді.

«Бұл - кәсіпкерлер үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан үлкен қолдау. Соның арқасында бүгінгі күні санаторий түрлі ауруларды сауықтыратын ірі кешенге айналды. Болашақта ет дайындап, көкөніс сақтау қоймасы мен шағын наубайхана салу жоспарлануда»,- дейді шипажай басшысы Фуат Сатабаев.

Шипажайдағы емге елде балама жоқ. Бұл – шипажай жанында жоғары минералды тұнба балшықты және тұзды ерітіндісі бар Мойылды табиғи көлі болғанының арқасында.

Мұнда келушілер санының күннен күнге артуына ескере отырып, шипажай өз инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударып отыр.

Анықтама үшін: 2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында өңірде 28,91 млрд теңгелік 183 жоба субсидияланып, Қор 1871, 5 миллион теңге несие қоржынының 939 млн, теңгелік кепілдік сомасына 70 жобаны мақұлдаған.