info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Даму» Қорының өкілдері С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті студенттерімен кездесті

Жаңалықтар
29.03.2016

С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекетттік университетінде өткен кездесу барысында «Даму» Қорының өкілдері Enactus PSU старт-ап жеңімпазы болған студенттердің бірқатар жобаларымен танысты.


«Даму» Қоры басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров машина жасау және металлургия саласындағы ғылыми-технологиялық жобалармен танысты. Сондай-ақ мамандар назарына агроөнеркәсіп және энергетика саласындағы соңғы озық жобалар да ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бұл әріптестік жаңа бизнес ашуға қолдау көрсету бағдарламасы мен студент жастар арасындағы кәсіпкерлік бастамаларға қолдау білдіру бағдарламасы бойынша екі бағытта дамитын болады.


Студенттер С.Торайғыров атындағы ПМУ жанында өтетін мамандандырылған семинарға қатысып, бизнес ашып, дамыту ісіне машықтана алады. Сондай-ақ жастар «Даму» қорының кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығында бизнес ашып, оны әрі қарай жүргізу ісі бойынша кеңес пен қолдау ала алады.


Олар сайт жасау, өтімді мәтін жазу, жарнама баннерлерін дайындауды үйреніп, сатылымның тиімділігіне талдау жүргізіп, маркетингтік шаралар өткізіп, интернет арқылы сауда жасап, жұмыс ақысын алуға дағдыланады. Егер қаласа қатысушыларға бизнес жүргізу ісіне баулитын тәлімгер де бекітіледі.


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Арын Өрсариевтың айтуынша, «Даму» Қоры ЖОО жанында тәжірибелік білім алуға жағдай жасап, бизнес жүргізудің қыр-сырларын меңгеруге мүмкіндік беріп отыр. Бұл – студенттер үшін кәсіпкерлік әлеуетін ашып, өз бизнес-идеяларын жүзеге асыруға берілген үлкен мүмкіндік.