Өз бизнесін ашу қаржылық тәуелсіз болуды ойлаған кез-келген азаматтың арманы.
Науразбекова Айгерім Қайратқызы кезінде алдына осындай мақсат қойған.
Айгерім табандылығының арқасында көздеген арманына жетті.
Өзінің кондитерлік цехін ашу үшін Айгерім қажетті жабдық түрлері, жұмыс кеңістігін ұйымдастыру жоспары, қаражат алу көздері және тағы да басқа мәселелер бойынша мәліметтер жинай бастады.
«БЖК-2020» бағдарламасы аясында ісін жаңадан бастауды жоспарлап жүрген кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жобалар жайлы естіп, Айгерім Қайратқызы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» жанындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілеріне келді. Олар жаңадан іс бастап жатқан кәсіпкерлерге мемлекеттік жәрдем алу үшін қажетті құжаттар әзірлеу және бизнес-жоспар дайындау бағыттары бойынша толыққанды мағлұмат берді.
Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама шеңберінде жаңадан іс бастаған кәсіпкерлер ақшалай қаражат (немесе жылжымалы мүлік) түрінде болашақ несиенің 15% көлемде кепілзатын қамтамасыз ету керек. Қалған сома (85%-дан көп емес) «Даму» қорының кепілдігімен қамтамасыз етіледі. Болашақ кәсіпкер экономиканың басымдық берілген бағыттары және өңдеуші өнеркәсіп саласына сай кәсіпорын ашуы тиіс.
Толық ақпарат алып, пайдасы мен зиянын таразыға тартып, Айгерім Қайратқызы «Сбербанк» АҚ ЕБ-не 20 млн теңге көлемінде несие алуға жүгінді. Кепілзат ретінде өз есебінен 3 млн теңгеге кепілдік беріп (несие соммасынан 15%), егжей-тегжейлі пысықталған бизнес-жоспар ұсынды. Банк жобаны қарастырып, жылына 17%-бен керекті сомасын несие ретінде беруді шешті. Көп ұзамай «Даму» қоры 17 млн тг көлеміндегі кепілдікті мақұлдады. Сонымен қатар, «БЖК-2020» бағдарламасы аясында несие үстемесінің 7% субсидияланады. Әрине бұл ісін жаңадан бастаған кәсіпкер үшін жақсы демеу.
Қажетті соманы алғаннан кейін, 2016 жылы құрал-жабдықтар әкелініп, білікті қызметкерлер жұмысқа шақырылды. Сонымен қатар өнім сапасын және қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Германиядан шақырылған кондитерлік саланың білікті маманы оқыту жүргізді. Маркетингтік шаралар әзірленуде.