Ақмола облысында 9 кәсіпкер кепілдік жетіспеушілілк мәселесін шешті. Жобалар ішінде: жолаушылар тасымалы қызметі, қонақ үй, сауда, белгілі киім үлгілерін тігу, диірмен, тіпті жерлеу қызметтері де бар.
Жеке кәсіпкер Нұргүл Жарбакқызы жолаушылар тасымалы қызметімен айналысады. Өз кәсібін ұлағайту мақсатында 25 млн теңгеге үш шағын автобус алды. Кәсіпкер банкке «БЖК 2020» біріңғай бағдарламасы арқылы тапсырыс беріп, келісім алып, «Даму» қорынан 50%-ға кепілдік алды.
Осындай мемлекеттік бағдарламаны пайдалануға Жеке кәсіпкер Алескандр Шайбель де асықты. Ол Щучинск қаласында жерлеу қызметтерін рәсімдеумен айналысады. Несие қаражатына кәсіпкер өндірістік цех, темір қырнау құрал-жабдықтары, ақ, қара тас сатып алуды жоспарлап отыр. Кәсіпкердің жобасы келісім алып, кәсіпкердің банк алдындағы 13,5 млн тенгеге 50% кепілдігін Даму қоры жабады.