Қажеттің бәрін тасымалдаймыз

Жаңалықтар
22.02.2017

Қазақстанда жүк тасымалдау айналымы айтарлықтай өсіп келе жатқанын бизнестен тым алшақ жүрген адамдар да байқайды. Күн сайын әртүрлі мақсатта қаланың барлық аумағына бір тоннадан астам жүк тасымалданады. Логистика схемалары және көлік құралдарының ерекшеліктерін негізге ала отырып, жүктің көлемі, жеткізу мерзімі талаптары бар.

«ArystanPartners» компаниясы 2008 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол Қазақстан және ТМД бойынша жүк тасымалымен айналысады.

Барлық тапсырысты дер кезінде орындау үшін жеке автокөлік жеткіліксіз болғандықтан, компания «Даму» Қорының қолдауына жүгінді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасы бойынша кәсіпорын автопаркті кеңейту мақсатына 50 млн теңге мөлшерінде несие алды.

Қазіргі таңда компания табысты дамып, минивен, жүк көліктері, еврофура секілді үлгідегі 6 көлік арқылы тасымалдау жүргізіп отыр. Осылайша, мемлекеттік қолдаудың арқасында компания өз автопаркін 120 көлікке дейін кеңейтті. Осы көліктермен күн сайын 790 тоннадай жүк тасымалданады.