info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Эльмира Меңдіғазиева: «Балабақша ашуға немеремнің дүниеге келуі түрткі болды»

Жаңалықтар
22.02.2017

Эльмира Меңдіғазиева – көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер. Балаақша ашу туралы идея немересі дүниеге келгеннен кейін пайда болды.

Осы мақсатта биылғы көктемде «Айлин» балабақшасын ашуға жалпы көлемі 668 км.м болатын ғимаратты жалға алды. Кейіннен кәсіпкер «Центр Кредит Банкі» арқылы 100 000 000 теңге қаржыға қол жеткізді. «Даму» Қоры несие 30 000 000 теңгеге кепілдік берді. Пайыздық мөлшерлемесі жылына 19% болатын несиенің 7 пайызын мемлекет субсидиялайды. Қыркүйек айында Аймақтық үйлестіру кеңесі мақұлдаған соң кәсіпкер қаражатқа жалға алған ғимаратты басы бүтін сатып алды.

«Айлин» балабақшасы жақсы жабдықталған. Ішінде ең заманауи интерактивтік құрал-жабдықтар бар. Балабақша бір жастан бес жасқа дейін 130 баланы қабылдап отыр.

Біздің қалада мұндай жастағы балаларды тәулік бойы қарайтын балабақша аз. Бұл жобаға өзімнің қаражатымды салдым. Меніңше, бұл дұрыс салым. Өйткені жас аналардың жұмыс істеуге, мансап қуып, қызметте жетістікке жетуіне хақы бар. Ал бұл іс жүзінде оңай емес. Егер отбасында кішкентай бала болса, мемлекеттік балабақшада кезек күтуге көп уақыт керек. Менің ойымша, бұл балабақша жас ата-аналар үшін жақсы демеу,- дейді балабақша директоры Эльмира Меңдіғазиева.

Алайда балабақшаның ең басты ерекшелігі - баланы демалыс күндері де балабақшаға қалдыру мүмкіндігі. Сондай-ақ ата-аналар бірнеше күнге қонақ үй қызметін пайдаланып, кәсіби тәрбиешілердің қамқорлығына да қалдыра алады.

Біздің «Айлин» балабақшасы тәулік бойы, сондай-ақ мереке және демалыс күндерінде де жұмыс істейді. Әр баланың өзінің төсегі мен шкафы бар. Кейбір балаларға бұл бақша екінші үйі болып кетті. Біз ерте жастан бастап, қаланың барлық аудандарында тұратын балаларды қабылдай береміз,-дейді кәсіпкер.

Бала бақшаның педагокикалық ұжымы рухани, эстетикалық, және шығармашылық жағынан дамытуға ерекше назар аударады. Ерте жастан бастап үш тілде –қазақ,орыс, ағылшын тілдеріне үйретеді. Тәрбиешілердің өте көп әдістемелік құралдары бар, соның арқасында балалардың ойлау, шығармашылық белсенділігі және сөйлеу жақсы дамиды. Балабақшада әрбір баланы жүзуге үйретеді, осы үшін арнайы жабдықталған бассейн және балалармен айналысатын жүзу бойынша жаттықтырушы бар.