Тимур Сабырұлы Медициналық институтты бітіре салысымен бойдан, еңбек жолын Астана қаласындағы №2 балалар емханасында травмотолог дәрігері болып бастайды. Тәжірбиелі дәрігер уақыт өте келе жеке кабинетін ашады.
Кейіннен Астана қаласында балалардың тірек-қимыл жүйесінің ауруларын емдеуге сұраныстың көп екенін байқаған оған арнайы клиника ашу идеясы келеді. Тимур Сабырұлы Байқоңыров бірге оқыған дәрігер достарымен бірлесе отырып, Астана қаласында алғашқылардың бірі болып, тірек-қимыл жүйесінің ауруларын емдетін медициналық 3 кабинет ашады.
Тоқсан сайын емделушілердің саны артып, медициналық қызметке сұраныста арта бастады. Үш жыл өткен соң бизнесті кеңейту мақсатында «Ортопедический центр «Экстра комфорт» деген атпен ЖШС ашып, медициналық лицензия алып, кәсіпорынның ауқымын кеңейтеді.
Осыған дейін медициналық кабинеттерді жалға алып келген кәсіпорын «ForteBank» АҚ арқылы өзіне жеке ғимарат сатып алу үшін несие алып, мемлекеттік бағдарлама арқылы пайыздық мөлшерді төмендетіп, қолдау алды.
Банктен екінші несие желісі рәсімделді. Бұл ретте несие алу жолын толық игерген кәсіпкер «Даму» Қорының кепілдігіне жүгінді. Несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмендетілді, несиеге тағы бір ғимарат сатып алынды.
- «Банктен бизнеске ең алғашқы несиені алу қиын болды. Одан соң, банктен мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпарат алдық. «Даму» Қорының мемелкеттік бағдарламасына қатысу арқылы, несиенің пайыздық мөлшелемесі төмендетілді, бұл қолдау несиені өтеуде біраз жеңілдік берді» - деп Тимур Сабырұлы өткенімен бөлісті.
Бүгінгі таңда «Ортопедический центр «Экстра комфорт» ЖШС тірек-қимыл жүйесінің проблемалары бар балаларға арналған мамандандырылған медициналық көмек саласында медициналық қызметтер нарығында беделді. Сонымен қатар ДЦП диагнозы бар балаларды оңалтуда көмек көрсетіп те келеді. Елорданың әр ауданында 3 орталық ашып, медициналық қызмет көрсетіп отыр.
Кәсіпорынның алдағы жоспарында астанамыздың сол жақ жағалауынан ғимарат сатып алып, медициналық мекеменің жүйесін ары қарай дамыту, қызмет түрлерінің санын арттыру бар. Әрі қарай медицинаның осы саласында қолданылатын арнайы ұлтарақтары мен корсет, бандаждардың өндірісін бастауды ойластыруда