menu
Жабу

Қостанай облысында «Қос Қолдау» бағдарламасы сұранысқа

Жаңалықтар
27.02.2017

Жыл басынан бері үш ұйым 8,5%-бен несие алды. Соның бірі – «Банновка - СҮТ» ЖШС. Компания Федоров ауданында сүтті қайта өңдеумен айналысады. Халық банктің 12 миллион теңге мөлшеріндегі несиеге ЖШС сүтті алғашқы өңдеу мен сақтау арналған төрт салқындатқыш танкер сатып алды.

«Қос Қолдау» бағдарламасы облыстың моноқалалар мен ауылдық мекеніндегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге арналған.

Оның іске асуына Қостанай облысының Әкімшілігі мен «Даму» Қоры 1 млрд теңге бөлді. «Қос Қолдау» бағдарламасына қатысатын кәсіпкерлер үшін несие бойынша пайыз мөлшері 8,5%-ден артық емес.

Айналым қаражатын толықтыру, жабдық сатып алу және бизнесті ұлғайтуға бағтталады. Қарыз сомасы 50 млн теңгеге дейін. Банк-серіктестер: Банк ЦентрКредит, Qazkom, Қазақстан Халық банкі және АТФ Банк.