menu
Жабу

Петропавлда «Даму» Қорының кепілдігімен «СпасМед» балалар медициналық орталығы ашылды

Жаңалықтар
06.03.2017

Петропавлда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарлама шеңберінде «ЖШС СпасМед» атты жаңа медициналық орталық ашылды.

«СпасМед» ЖШС 2012 жылдан бері Петропавлда балаларға медициналық қызмет көрсетумен айналысады. Алғашында ғимаратты жалдап келген мекеме ай сайынғы төлем ақының қымбаттауынан қиыншылық көре бастады. Жекменшікке ғимарат сатып алу туралы ой да сол кезде келген. «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп кеңес алған олар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттен көмек алуға болатынын білді.

Сөйтіп, VTB-банк арқылы алынған 19,0 млн теңге несиенің 30%-ына «Даму» Қоры кепілдік берді. «СпасМед» ЖШС 2016 жылы тамызда 74 ш. м болатын үй-жай сатып ала алды. «БЖК-2020» бағдарламасына қатысушы ретінде сыйақы мөлшерлемесі 7% құрады. 4 жаңа жұмыс орыны ашылды.

Бүгінгі күні «СпасМед» - Петропавлдағы ең алдыңғы қатарлы, әрі тұңғыш балалар медициналық орталығы болыр саналады. Медицина орталығында: педиатр, пульмонолог, хирург, невропатолог, ортопед-травматолог, эндокринолог, гастроэнтеролог, балалар психиатры, балалар психологы, логопед-дефектолог, дәрігер-реабилитолог мамандар қызмет көрсетеді.

 Балалар оңалту (емдік дене шынықтыру, массаж, тыныс алу гимнастикасы базасында демікпе-мектебі, балалар физиокабинеттері жұмыс істейді. Мұнда жаңа туған балаларға 15 жасқа дейін және 18 жасқа дейін амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетеді. Штатта 17 адам бар. 2012 жылдан бері қабылдауда 6 500 бала болған.