Шығыс Қазақстан облысын үдемелі индустриялық дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің өткен отырысында 4 жоба мақұлданды. Оның ішінде Семей қаласы бойынша үш жоба, Өскемен қаласы бойынша бір жоба. Олардың арасында:
- Балабақшаны жабдықтауға арналған жабдық және жиһаз сатып алуға бағытталған «Омаров К.К. ЖК» жобасы;
- Кран сатып алуға және темір жол тұйығын салуға берілген қарызды қайта қаржыландыруға бағытталған «Порт Восточный» ЖШС жобасы;
- меншікті автопарктің негізгі құралдарын толықтыру үшін жолаушы автомобильдерін сатып алуға бағытталған «Ширяева Р.С. ЖШС» жобасы;
- Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциясын жаңартуға бағытталған Бекторов Т.А. жобасы.
Отырыста Омаров К.К. жобасы ерекше қызығушылық тудырды. Кәсіпкер негізінен ұзақ жылдар бойы стоматологиялық қызмет көрсетумен айналысады. 2015 жылдың басында клиент Семей қаласының 343-ші ауданында балабақша құрылысы үшін жер телімін сатып алды. Құрылыс барысында клиент бірнеше рет «Банк ЦентрКредит» АҚ-на балабақшаны тұрғызу және жабдықтауға қарыз алуға жүгінді. Қазіргі уақытта нысан пайдалануға берілген. «Айым» балабақшасында жалпы саны 206 баланы құрайтын 8 топ бар. Жобаны іске асыруға шамамен 76 млн теңге несие мен жеке қаржысы жұмсалды.
Барлығы отырыста жалпы сомасы 107 миллион теңгеге жоба мақұлданды. Қарыз алушылар үшін соңғы пайыздық мөлшерлеме жылына 8,5 бастап 12% дейін құрады.
Семей қаласы бойынша барлық жобалар «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы мақұлданса, Өскемен қаласындағы жоба «Казкоммерцбанк» АҚ арқылы мақұлданды.