menu
Жабу

Шымкенттік кәсіпкер «Даму» Қорының кепілдігі арқылы несие алып балық ыстайтын цехының өнім түрлері мен көлемін ұлғайтты

Жаңалықтар
30.03.2017

Олжас Нахипов бұл нарықта 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Олжастың кәсіпкерлік жолы дәстүрлі, алдымен жаңадан мұздатылған, тұздатылған, суық және ыстықта ысталған балықты сатып алып, жеңсік асқа арналған балықты өткізіп отырады. Солай нарықты, технологияны зерттеп, өткізуді қалпына келтірген соң шағын балық ыстайтын цех ашуға бел буады.

Ал осының бәрі сырт елдерден әкелінетін теңіз өнімдерін сатудан басталды, - «Біз әртүрлі шетелдік компаниялардың дайын өнімдерін сатттық. Сол кезде оны сырттан әкелгеннен гөрі осы жерде дайындаған дұрыс екенін ұқтым. Сол кезде өнімнің де дәмі бұзылмайды. Оның үстіне адамдар денсаулыққа пайдалы асты тұтынғысы келеді. Тұтыну нарығын зерттей келе, өзіміздің балықты өңдеу және ыстау цехын ашатын болып шештік»,–дейді Олжас.

Ысталған балықтың алғашқы сынақ тобын, арнайы сүрек тұқымдарының жоңқаларын пайдалану арқылы дәстүрлі табиғи тәсілмен 2015 жылы жасадым. Алғашқы өнім Шымкент қаласы «Теңіз» ірі көтерме-бөлшек дүкені арқылы сәтті өткізілді.

Цехта табиғи жоңқада, сұйық ысты қолданбай, дәстүрлі табиғи ыстау тәсілі қолданылады. Өнім түрлеріне аздап тұздатылған және ысталған арқан балық, алабалық, тұздатылған және аздап тұздатылған майшабақ, скумбрия, ыстық және салқын ысталған теңіз және тұзды су балықтарының көптеген түрлері, сонымен бірге қақталған балықтар: тыран және бақтақ жатады.

Цехта айына 6-7 тоннаға дейін балықтар өңделеді, 3 адам жұмыс жасайды. Балық жеткізу және дайын өнімді өткізу үрдісі ретке келтірілген, шикізатты негізгі жеткізушілер жергілікті және сонымен бірге ресейлік компаниялар. Дайын өнімдер Дайны өнімдер ірі супермаркеттер мен облыс базарларында сатылады.

- «Ысталған балықтардың маусымы наурыздың аяғынан басталып желтоқсанға дейін, маусымы шыңы – мейрамдар мен той-томалақтарға толы жаздың аяғы мен бүкіл күз айлары. Қаңтарда тынышқтық халық мейрамдардан босайды, ал бұл біз үшін дайындық кезеңі, - дейді Олжас, - «Алғашында мен жылы-жай кешенін іске қосуды жоспарладым, алайда «Даму» Қорының КҚКО-ның кеңес берушілерінің кеңестеріне жүгіне отырып, цехты ұлғайтатын болып шештім, балық ыстайтын өндіріс үшін «Даму» Қоры жылдық сыйақы мөлшерлеменің 10% төлейді, ал мен қалған бар болғаны жылдық 7% ғана төлейтін болып шықтым. Ал мүлік жетіспеген жағдайда, «Даму» Қоры өзінің несие соммасынан 50% дейінгі кепілдігін береді».

Мұндай қолдаумен кез-келген бизнес бәсекелестерін артта қалдырып, жоғары өрлейді. Банк үшін құжаттарды жинау және дайындау «Даму» Қорының КҚКО-ның кеңес берушілерімен сүйемелденді, бұл Банкке құжаттардың толық пакетін ұсынуға және қару мерзімін қысқартуға мүмкіндік берді.

Ең жоғарғы қысқа мерзімде Банк-серіктес – «Forte Bank» АҚ филиалы клиенттің өтінішін бар болғаны 10 жұмыс күні ішінде қарастырды, ал «Даму» Қоры жобаны кепілдік бойынша 5 жұмыс күні ішінде мақұлдады.

Қарыз қаражатының мақсатты пайдалануы айналым қаражатын толықтыру, қарыз қаражатына кәсіпкер тағы да қосымша 3 тонна балық алады.