Павлодарда «Даму-Көмек» жобасы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге көмек көрсетілді

Жаңалықтар
31.03.2017

Аймақтық филиалға Айтмұхамбет Салахитденұлы Біләловтен тігін машинкасын сатып алуға көмек көрсету жөнінде өтініш түсті. А.С. Біләлов - «Көмек 2015» Қоғамдық бірлестігінің басшысы. Қоғамдық бірлестік мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруға қолғабыс етеді және арнайы киім тігумен айналысады.

Павлодар қаласының жеке кәсіпорыны бұл өтінішке құлақ асып, Қоғамдық бірлестік үшін жаңа өнеркәсіптік тігін машинкасын сатып алып берді.

Біз мүмкіндігі бар және ықылас білдірген әр адам көмек көрсете алатынын назарларыңызға саламыз. www.damu-komek.kz Жобасының сайтында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің өтінімдерімен таныса аласыздар.