Алматы қаласында «Алиса» атты киномектеп ашылды

Жаңалықтар
05.04.2017

Алматы қаласында «Алиса» атты киномектебі өз есігін ашқан болатын (Rиномектеg болашақта «Al Pacino» болып аталды). Мектептің негізін қалаушы Құралай Құдайберген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде үш миллион теңге көлемінде мемлекеттік грант ұтып алған болатын. Құралай – шығармашылық ортада дүниеге келген. Анасы Қасымжанова Гүлжихан белгілі журналист және осы жобаның идея авторы, әкесі Қасымжанов Құдайберген белгілі актер.

Бұл кинотеатр - мәдени ортадағы отбасылық демалыс орны. Негізінен жастар, жақын мектеп оқушылары мен мен олардың ата-аналары, студенттер келеді.

Қазақстанда өзгеше бағыттағы, бәсекесі аз бизнес түрлері кең тарап келеді. Соның бірі - тұрғын үй кешеніндегі кинотеатрлар.

Батыста бұндай кинотеатрлар түрлері бұрынан бар. Отбасылық демалыс ретінде сүйікті фильмді балалармен бірге көріп, оларға уақыт бөлуді ниет ететін адамдардың саны өсуде. Әрі көрген киноны отбасылық ортада немесе достар арасында дәм тата отырып, кафеде талқылау.

Қазақстанда, бизнестің бұл түрі толық дамымаған. Жоба ұйымдастырушылар әркашан кино көрсетуден бұрын дәріс жүргізеді.